Ұлттық банк "TEŃGEGE 30 JYL" коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасына 30 жыл толады.
"TEŃGEGE 30 JYL" монетасының дизайны "₸" теңге белгісін пайдалану арқылы жасалған. Белгінің сол жағындағы ою-өрнек даму мен өркендеуді, сондай-ақ, ұлттық болмыс пен нақышты білдіреді. "TEŃGEGE 30 JYL" коллекциялық монеталары күмістен жасалған, сынамасы - 925/1000, өн бойында тантал да бар. Монета диаметрі - 50 мм, дайындау сапасы - proof, номиналы - 1 000 теңгелік, таралымы - 300 дана. Монетаның жалпы массасы - 84,32 грамм", - делінген Ұлттық банк мәліметінде.
Ұлттық банк мәліметінше, коллекциялық монеталар Қазақстанның бүкіл аумағында белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылданады, сондай-ақ, елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынады, аударылады, ұсақталады, айырбасталады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Теңге сарайында дайындалған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!