Ұлттық банк валюта нарығы туралы хабарлама жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Теңге бағамы бойынша
Қарашаның қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 512,57 теңгеге дейін, 3,3%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 271 млн АҚШ долларынан 280 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі - 5,6 млрд АҚШ доллары.
Ұлттық қордан қанша валюта сатылды?
Қарашада Ұлттық қордан 600 млн АҚШ долларына валюта сатылды, бұл республикалық бюджетке трансферттер бөлуге мүмкіндік берген.
"Ұлттық қордан сату үлесі - жалпы сауда-саттық көлемінің 10,7%-ы немесе күніне шамамен 30 млн АҚШ доллары", - деп жазылған хабарламада.
Ұлттық банк желтоқсанда республикалық бюджетке трансферттер бөлуге Ұлттық қордан 400 млн АҚШ долларынан 500 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп болжап отыр.
Сонымен қатар, Ұлттық банк қарашада валюта интервенциясын жүргізген жоқ.
Оған қоса қарашада зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліне АҚШ долларын сатып алмаған. Желтоқсанда да валюта сатып алу жоспарланбаған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова