28 сәуірдегі доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 513,68 теңге болды, яғни алдыңғы күнмен салыстырғанда 1,30 теңгеге төмендеген.
Ұлттық банктің 28 сәуірдегі ресми бағамы - 515,03 теңге.
kurs.kz деректеріне сәйкес қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - орта есеппен 513,28 теңге, сату бағамы - 515,18 теңге. Астанада долларды орташа есеппен 511,22 теңгеге сатып алып, 517,22 теңгеден сатып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова