18 ақпандағы доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Доллардың орташа бағамы
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 497,89 теңге болып, 0,68 теңгеге төмендеді.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 18 ақпандағы ресми бағамы - 498,75 теңге.
Сауда-саттық қорытындысы
kurs.kz деректері бойынша Алматының айырбас пункттеріндегі долларды сатып алудың орташа бағамы 500,21 теңгеге, сатудағы бағамы 503,34 теңгеге тең.
Ал Астананың айырбас пункттерінде долларды орта есеппен 497,64 теңгеден сатып алып, 503,74 теңгеден сатып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова