- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Теңге тағы да...
Теңге тағы да әлсіреді
Фото:
www.pkzsk.info
KASE таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 336,99 теңгеге тең болды.
30 мамырдағы таңғы сессияның алғашқы келісімі 337 теңгемен басталды. Сессиядағы ең төменгі баға 336,8 теңге болса, жоғарысы 337,1 теңгеге жетті. Сауда көлемі 19,7 миллион долларды құрады. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындарында шетел валютасы 334-337 теңге аралығында сатылып жатыр.
Айта кетейік, Астана уақыты бойынша сағат 10.52-де Brent маркалы мұнайдың баррель құны 49,35 долларға тең болды.
Дереккөз: Tengrinews.kz
С. Ерсін