2 сәуірдегі доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 503,05 теңге болып, 0,16 теңгеге төмендеді.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 2 сәуірдегі ресми бағамы - бір доллар үшін 503,13 теңге.
kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 501,75 теңгеге, сату бағамы 503,86 теңгеге тең.
Астанада америкалық валюта орта есеппен 500,57 теңгеден сатып алынып, 506,57 теңгеден сатылып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін 1 сәуірдегі доллар бағамы хабарланды. Кеше доллардың орташа бағамы 503,13 теңге болып, 1,12 теңгеге төмендеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова