Үкімет теңге бағамына қатысты маңызды мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров валюта нарығындағы ахуал мен оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы мәлімдеді.
Кейінгі бірнеше аптада валюта нарығында ауытқулар байқалып, ұлттық валюта бағамы әлсіреді.
"Азаматтар мен бизнестің алаңдаушылығын ескере отырып, Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін үйлестірілген шаралар қабылдап жатыр. Ұлттық валюта бағамының өзгеруі - тек сыртқы факторлардың ықпалынан туындаған құбылыс", - деді Байбазаров.
Вице-премьер теңге бағамына әсер ететін үш негізгі факторды атады:
"Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі екенін ескере отырып, рубль бағамындағы ауытқулар теңге бағамына әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда Үкіметтің басты міндеті - азаматтарымыздың жағдайы нашарлауына жол бермеу, кәсіпкерлерге келетін теріс әсерді азайту. Экономика мен халық үшін теріс салдарды тұрақтандыру және барынша азайту үшін барлық қажет шара қабылданады. Үкіметтің бұл үшін жеткілікті ресурстары мен құралдары бар", - деді Байбазаров.
Айта кетейік, 28 қарашадан бастап Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 513,20 теңгеге сатылып, 505,10 теңгеге сатып алынды. Кейбір айырбастаушылар АҚШ валютасын 515 теңгеден сатты.
Алматыда америкалық валюта 512,87 теңгеге сатылып, 507,50 теңгеге сатып алынды. Кейбір ақша айырбастау орындарында доллар 516-518 теңге аралығында сатылып жатты.
Кейін Ұлттық банк доллар бағамына қатысты мәлімдеме жасап, жағдайды түсіндірген еді.
Ұлттық банк мәліметінше, бірқатар фактор әсерінен теңгенің айырбас бағамы АҚШ долларына шаққанда 500 теңгеге жеткен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз