Теңге қайта нығая түсті

Теңге қайта нығая түсті
Фото: depositphotos.com

Доллардың 21 сәуірдегі бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,60 теңгеге төмендеп, 521,53 теңге болды.

Айта кетейік, доллардың 21 сәуірдегі ресми бағамы - 521,90 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 520,55 теңгеге, ал сату бағамы 522,80 теңгеге тең. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 518,71 теңгеден сатып алынып, 524,90 теңгеден сатылып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget