Теңге бүгін де нығая түсті

Теңге бүгін де нығая түсті
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

29 сәуірдегі доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 512,32 теңге болып, 1,18 теңгеге төмендеді.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 29 сәуірдегі ресми бағамы - 513,68 теңге.

kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 511,95 теңге, ал сату бағамы 513,87 теңге болып тұр. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 510,28 теңгеден сатып алынып, 516,33 теңгеден сатылып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget