Теңге бағамы нығайып келеді

Теңге бағамы нығайып келеді
Фото: depositphotos.com

19 қаңтардағы доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 509,63 теңге болып, 2,44 теңгеге төмендеді.

Айта кетейік, Ұлттық банк 19 қаңтарға белгілеген ресми бағам - 512,16 теңге.

kurs.kz мәліметінше, қазір Астана мен Алматыдағы доллардың орташа бағамы мынадай:

Алматыда:

  • сатып алу - 509,50 теңге;
  • сату - 511,63 теңге.

Астанада:

  • сатып алу - 508,00 теңге;
  • сату - 515,00 теңге.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget