Теңге бағамы нығайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы бірден 4,89 теңгеге төмендеп, 456,05 теңге болды. Доллардың 28 маусымдағы ресми бағамы - 460,95 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы - 454,91 теңге, сатылымда - 459,33 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 454,34 теңгеден сатып алып, 457,13 теңгеден сатып жатыр.
Айта кетейік, күндізгі саудада рубльдің орташа бағамы 0,02 теңгеге төмендеп, 8,64 теңге болды. Бұл ретте рубльдің 28 маусымдағы ресми бағамы 8,66 теңге болып белгіленген еді.