Тендер ұтып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Полицейлер жарты миллион теңгеден аса қаржыны жымқырған адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шымкент қаласының тұрғыны полицияға алаяқтық жайты бойынша арызданған. Оның айтуынша, танысы мемлекеттік бағдарлама аясында тендер ұтып беремін деп жарты миллионнан аса ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге Тұран ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жұмылдырылып, нәтижесінде күдікті ұсталды.

"Жәбірленушіге келтірілген шығын толығымен қайтарылды", - деді полиция.

Қала тұрғыны полицияға кәсібилігі үшін алғысын білдірді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!