Теміртауда 63 жастағы зейнеткер шотындағы қомақты ақшаның жоғалып кеткені туралы полицияға хабарласты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зейнеткер мұны банктегі жинаған ақшасын тексерген кезде кездейсоқ байқаған.
"Әйел бейтаныс біреу оның шотынан 2 миллион теңге ұрлап кеткенін хабарлады (...) Ақшаның ұрланғанына он күн өтсе де, полиция күдіктіні тез арада анықтады - ол жасөспірім зейнеткердің немересі болып шықты", - делінген жазбада.
Жасөспірім істеген ісін мойындап, ұрланған соманың басым бөлігін жұмсап үлгергенін айтты. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз