Теміртауға жаңа әкім тағайындалды

Теміртауға жаңа әкім тағайындалды

Теміртау қаласының әкімі болып бұған дейін Балқаш қаласын басқарған Ораз Қайсайұлы Тәуірбеков тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды. Депутаттар үміткерді бірауыздан мақұлдаған.

Ал Теміртау қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Бегімов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылған.

Жеңіс Қасымбек оған атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

"Біз сіздермен бірге қала өмірін жақсарту үшін көп жұмыс атқардық. ЖЭО-2-де 7-қазандықтың құрылысы басталды. Бұл - маңызды жоба, оны іске асыру қала тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету жүйесін жақсартады. Үшінші жылу магистраліне күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Екі жыл ішінде мыңға жуық жарықтандыру тіректері орнатылды. Қала көшелері мен Ақтау кенті абаттандырылды", - деді Қайрат Бегімов.

Ал Ораз Тәуірбеков өзіне жүктелген сенімді ақтауға уәде берді.

"Тарихы мен дәстүрі бай ірі өнеркәсіптік қаланың әкімі лауазымына тағайындалуым - мен үшін үлкен құрмет. Жаңа орында жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық білімім мен тәжірибемді қосамын", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова