Теміртаудағы пәтерлердің бірінен бірнеше адамның мәйіті мен аш питбульдер табылды

Теміртауда пәтерлердің бірінен үш адамның мәйіті мен аш питбульдер табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицейлер мен төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері Уәлиханов көшесінде орналасқан үйдегі пәтерлердің бірінен адамдардың мәйіті мен арық иттерді тапты. Оларды көрші пәтердегі адам төзгісіз иісті сезген тұрғындар шақырған. Тұрғындар іштегі иттердің үнемі үріп, ыңылдайтынына да шағымданды.

"Біз бұл пәтерде қанша мәйіт жатқанын білмейміз. Әуелі иттердің үнемі үретініне және қыңсылағанына назар аудардық. Содан кейін көршілер сұмдық иісті сезді. Полиция шақырылды, олар құтқарушылармен бірге келді. Олар есікті ашты, ал онда үш мәйіт пен аш ит бар болып шықты. Бұл пәтердің иесі, оның ұлы және тағы бір адам (ұлының досы мүмкін). Біз әйелдің онкологиямен ауыратынын білетінбіз. Иттер қыңсылады және аш еді. Олар қатты болмаса да, марқұмдардың бетін тістегенін байқауға болады", – деді қайтыс болған әйелдің көршілерінің бірі.

Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу басталғанын хабарлады.

"Мәйіттер, расында да, Теміртаудағы пәтерлердің бірінен табылды. Олардан зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Өлімнің себептерін анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі. Мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!