Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы терминалда 300-ге жуық көлік жиналды. Онда Қарағанды - Астана тасжолының кейбір учаскесі жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық жол полициясының хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты Қарағанды - Астана тасжолы жабылды. Теміртау терминалында 300-ге жуық көлік жиналды. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерге ауа райы жақсарып, тасжол ашылғанша ұзақ сапарға шықпауды қатаң түрде ескертті.
"Барлық жол қозғалысына қатысушылардан сақтық шараларын сақтауды, жолдардың ахуалы туралы жаңартылған ақпаратты қадағалауды және төтенше жағдайлар қызметінің ұсыныстарын ескеруді сұраймыз", - деді Қарағанды облысының полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.
"ҚазАвтоЖол" АҚ жедел ақпаратына сәйкес, 2025 жылғы 21 қаңтарда сағат 08:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:
Қарағанды облысы:
Ақмола облысы:
Жолды 2025 жылғы 21 қаңтарда сағат 20:00-де ашу жоспарланып отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!