- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Теміртаудағы газ жарылысы:...
Теміртаудағы газ жарылысы: бір әйел өлі табылды
Теміртауда дүкендегі газ жарылысынан бір әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сағат 09.49-да үйіндінің астынан өмір белгілері жоқ әйел шығарылды. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін анықтады.
Еске салайық, бүгін Теміртауда дүкенде газ жарылған болатын.
15 ақпанда сағат 08.06-да Теміртау қаласы Ватутин көшесіндегі 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дүкеннің 2 қабатты ғимаратта қирау болғаны, жанғаны анықталды.
Зерттеу және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын-ала анықталды. Үйінділерді бөлшектеуге кірісті.
Тексеру және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын ала анықталды. Үйінділерді талдауға кірісті. Жұмыстарға ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды. 23 адам, оның ішінде 5 бірлік техника оқиға орнына бара жатыр.
Сағат 08.44-тегі жағдай бойынша үйінді астынан әйел адам шығарылды (жағдайы нақтылануда), оның сөздерінен үйінді астында ер адам бар. Үйінділерді талдау жалғасып жатыр.
Сағат 09.08-дегі жағдай бойынша 40 ш.м. алаңда өрт оқшауланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина