- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Теміртауда тұрғын Ұлы...
Теміртауда тұрғын Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішін талқандаған
Теміртау тұрғыны Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке қойылған гүл шоқтарын шашқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан теміртаулық жауынгерлерге арналған ескерткішке қойылған гүл шоқтарын шашқан бұзақының әрекеті қызу талқыға түсіп, желі қолданушылардың наразылығын тудырған болатын.
Мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында бұл бейнежазба полиция қызметкерлерінің назарын аударып, бұзақыны анықтау үшін тиісті жұмыстар жүргізілді. Бейнежазбаларды зерделеу барысында тәртіп сақшылары осы әрекетке қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын анықтады.
"Учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік материалдар жинақтап, соттың қарауына жіберді. Қоғамдық орында ерсі әрекеттер жасап, бұзақылыққа барған адамға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жауапкершілігі қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова