Теміртауда төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы қала әкімі Ораз Тәуірбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әкімнің айтуынша, Теміртаудың бір бөлігі сусыз қалған. Оның себебі - қаланың оң жағалауындағы тұрғындарды сумен қамтамасыз ететін су құбырынан апат шығуы.
"Кеше оң жағалау тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесінде пайда болған технологиялық ақауға байланысты бұл аймаққа ауызсу беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық.
Қалыптасқан жағдайдың барлық салдарын ескере отырып және қолданыстағы заңнаманың нормаларын басшылыққа ала отырып, төтенше жағдай режимін жарияладым. Оның аясында ауызсумен жабдықтаудың штаттық режимін қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін қажет шараларды қабылдаймыз", - деді қала әкімі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!