Теміртауда көлік жүргізушісі 17 жастағы жасөспірімді қағып кеткен. Жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Patriot басылымына сілтеме жасап.
Жасөспірімді қағып өлтірген "Лада Гранта" көлігінің 30 жастағы жүргізушісі тергеушіге куәлік беріп, марқұмның жолды дұрыс емес жерден кесіп өтіп бара жатқанын айтты.
Қайғылы оқиға 8 шілдеде түнгі сағат 10:00-де Бейбітшілік көшесіндегі базар маңында болған. Мәйіт туыстарына берілді.
"Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз