Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында Теміртау қаласының балабақшаларының бірінің тәрбиешісі балаға қатігездік көрсеткені анықталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған видеода тәрбиеші кішкентай қызды бірнеше рет ұрғаны көрінеді.
Қарағанды облысы Полиция департаменті мәліметінше, бұл оқиға бойынша полицияға ата-анадан арыз түспеген.
Тексеріс барысында 36 жастағы тәрбиеші анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.
"Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова