- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Теміртауда алты жасар...
Теміртауда алты жасар бала үшінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті
Фото:
depositphotos.com
Алты жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Теміртау қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала 3-қабаттағы пәтердің терезесінен құлады.
Ер бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Көп қабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ ескертеді:
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
- Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз!
- Бала оны өз бетінше аша алмауы үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!
- Ешқашан москит торларын қолданбаңыз-балалар оларға сүйеніп құлайды!
- Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз!
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан