13 желтоқсанда Теміртау қаласы ТЖБ 112 пультіне кішкентай баланың өзенге батып кеткені туралы ақпарат келіп түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына құтқарушылар дереу келді. Нұра өзені арқылы өтетін көпір аймағында ересектердің қарауынсыз қалған бала мұз астына түсіп кеткені анықталды.
Жедел іс-шаралар барысында жедел құтқару жасағының күшімен 2018 жылы туған баланың денесі судан шығарылды. Оқиғаның себептері анықталады.
Қарағанды облысының ТЖД мұздағы қауіпсіздік ережелерін еске салады:
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз