Теміртауда 48 жастағы әйел он үшінші баласын дүниеге әкелді

Теміртау қаласының 48 жастағы тұрғыны 13-баласын дүниеге әкелді. Әйел Қарағанды облыстық №1 перинаталдық орталығының рекорд иесі саналады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 31-арнаға сілтеме жасап. 

Лариса Кузнецованың 13-нәрестесі 2 наурызда дүниеге келіп, әйелдер мерекесі қарсаңында анасына ерекше сый болды. Сәби 3 келі 650 грамм салмақпен, бойы 54 сантиметр болып туған. Анасының босану үшін жасы біразға келгеніне қарамастан, бұл жолы да бәрі табиғи жолмен өтіп, ешқандай асқынусыз аяқталған. Сәбиге Эмин деген есім берілді.

Үлкен отбасында қазір төрт қыз және сегіз ұл өсіп келеді. Эмин тоғызыншы ұл болды. Ларисаның үлкен қызы қазір 25 жаста. Ананың айтуынша, балалары қарапайым жалпы білім беретін мектептерде оқиды, сондай-ақ, скрипкада, пианинода және гитарада ойнайды.

"Мен де көпбалалы отбасында дүниеге келдім. Сондықтан бұл маған таңсық емес. Жолдасым да біртіндеп үйреніп кетті. Өйткені ол отбасында жалғыз өсіп, тәрбиеленген. Бұл сәбиге бәріміз ерекше қуанып отырмыз. Балаларымызды елге пайдалы азамат етіп тәрбиелегіміз келеді", - деді көпбалалы ана Лариса Кузнецова.  

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!