- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Теміртау тұрғыны 82...
Теміртау тұрғыны 82 жастағы зейнеткерді ұрып-соғып, тонап кетті
Теміртауда 82 жастағы зейнеткерді ұрып-соғып, тонап кетті. Шабуыл жасаған адам ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Теміртауда егде жастағы тұрғынға өз пәтерінде шабуыл жасалды. Болжам бойынша жәбірленуші 39 жастағы қаскүнемді үйіне өзі кіргізген. Ол күдіктінің анасымен таныс болған. Ол үйге сылтауратып кіріп, әйелге дене жарақатын салып, зергерлік бұйымдар мен ұялы телефонды ұрлап, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
Зардап шегуші медициналық мекемеге көмек сұрап жүгінген. Шабуыл туралы ақпарат полицияға берілді. Нәтижесінде, күдікті ұсталғаны айтылды.
"Ұсталған адам кінәсін мойындады. Оның қылмысқа қатысы барын растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова