- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Теміртау тұрғындарына шабуыл...
Теміртау тұрғындарына шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті
Теміртау тұрғындарына шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты ескіқалалық полиция бөліміне 21 жастағы қаланың екі тұрғыны арызданды. Олар белгісіз азаматтардың өздеріне қатысты шабуыл жасағанын айтты. Күдіктілер жәбірленушілерге күш қолдану арқылы оларда бар бағалы заттарды алып, оқиға орнынан іздерін жасырған. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі - 1 миллион 47 мың теңге. Олар күдіктілердің жастары 20-25 жас аралығында екенін айтты.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 19 бен 22 жас аралығындағы екі азамат ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина