Белгісіз біреулер теміржолдың жоғарғы құрылымының материалдарын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан теміржолының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компания мәліметінше, бұл вагондардың апатқа ұшырауына әкелуі мүмкін еді.
3 қарашада Отар - Шилібастау аралығында теміржолшылар SKL-14 бекіту жолының жоғарғы құрылымының материалдарының (бұрандалар, бұрышты бағыттаушы, серпімді клемдер) ұрланғанын анықтады.
Алдын ала есептеулер бойынша белгісіз біреулер 2 745 данасын ұрлаған.
Бұл - теміржолда үлкен апатқа, вагондардың рельстен шығып кетуіне әкелуі мүмкін еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз