- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Теміржол қатынасы жаздың...
Теміржол қатынасы жаздың алғашқы күні қайта қалпына келеді
Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында экономика салаларын қалпына келтіру және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірнеше нақты шешімдер қабылдады.
– 2020 жылғы 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезказған, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларымен әуе қатынасы ашылады.
– 2020 жылғы 18 мамырдан бастап мына нысандарға санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі:
– қонақ үйлер;
– қоғамдық тамақтану объектілері (30 адамдық орынмен);
– таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдары;
– 2020 жылғы 18 мамырдан бастап діни мекемелерге (жалпы ғимараттың қызмет көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып).
– 2020 жылғы 1 маусымнан, кезең-кезеңмен, ішкі темір жол қатынасын, Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің талаптарын ескере отырып жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 2020 жылғы 15 мамырдан сатыла бастайды.
Сонымен қатар, шетелдегі Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселелері қаралды.