- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Темірдауда пәтерде шыққан...
Темірдауда пәтерде шыққан өрттен екі адам мерт болды
Темірдаудағы пәтерде өрт шығып, екі адам мерт болды. Адамдар эвакуацияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 шілдеде сағат 19:57-де Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы 9 қабатты үйдің 2-қабатындағы пәтерде үйде өрт шықты.
Өрт сөндірушілер 1991 жылғы пәтер иесі және оның 2015 жылғы жиенін шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Алайда реанимациялық шаралар зардап шеккендерге көмектеспеді. Ер адам мен қыз бала қайтыс болды.
Өрт сөндірушілер баспалдақпен 8 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.
Өрт 20:33-те сөндірілді.
Ведомство өрттің алдын ала себебі балалардың отпен ойнауынан да болуы мүмкін екенін хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан