- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Темпуратурасы төмендеп кеткен":...
"Темпуратурасы төмендеп кеткен": қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды
Фото:
elements.envato.com
Қырғызстанда кеше қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды. Бала Бішкектің №1 перзентханасына жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері нәресте уақытында дүниеге келгенін, бірақ салмағы аз, бар болғаны 2 келі 210 грамм екенін мәлімдеген.
"Баланың халі гипотермияға (температураның төмендеуі - еск.), яғни 28,4 градусқа дейін түсуіне және белгісіз жағдайда дүниеге келуіне байланысты ауыр болды", - делінген ведомство мәліметінде.
Жаңа туған нәресте жансақтауда барлық қажет медициналық көмекті алған. Бүгінгі таңда дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты екенін айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова