Түркістан облысында жекеменшік үйде газ-ауа қоспасы жарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.
8 қарашада Түркістандағы жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде табиғи газдың шығуына байланысты газ-ауа қоспасы жарылған. Оқиға салдарынан үй қираған.
"Алдын ала мәлімет бойынша, 1991 жылы туған ер адам мас күйінде үйде темекі тұтатқан. Салдарынан денесін күйік шалып, ауруханаға жатқызылды", - делінген жазбада.
Оқиға орнында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ, полиция және жедел жәрдем бөлімшелерінен 11 адам мен 4 техника жұмыс істегені айтылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!