- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Темекіге тәуелділіктен арылудың...
Темекіге тәуелділіктен арылудың қандай жолдары бар?
Қазіргі таңда көк түтінге уланғандардың қарасы қалың. Көшедегі темекі шегі орындарының көптігі осыған дәлел. Көпшілігі бұл әдеттен арылғысы келеді. Алайда темекіні тез әрі оңай тастау қиындық тудырады. Егер сізде темекі өнімдерін пайдалану тәжірибесі көп болса, онда бір күнде бұл әдетпен қоштасу нәтиже бермейді. Ең бастысы ішкі мотивация мен ерік-жігер, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Темекі шегудің ағзаға зияны қандай?
Темекіні пайдалану инсульттің негізгі қауіп факторларының бірі болып табылады. Тіпті аз мөлшерде болса да денсаулыққа кері әсер етеді. Темекі шегу ишемиялық инсульт қаупін екі есе арттырады және геморрагиялық инсульт ықтималдығын 4 есе көбейтеді. Сондай-ақтүтінді ингаляциялау және түтінсіз темекі шегу де денсаулыққа зиян. Бұл инсульт қаупін 20-30 пайызға арттырады.
Темекі шегуден бас тартқаннан кейін 4-5 жыл өткен соң, бұрынғы темекі шегуші үшін инсульт қаупі өмір бойы темекі шекпеген адаммен бірдей болады. Әлемде 700 миллионға жуық бала темекі түтінімен ластанған ауаны жұтады.
Пайдасынан зияны көп өнімді қалай тастауға болады?
- өмір салтыңыз бен әдеттерді өзгертіңіз (дұрыс тамақтану, жаттығу, темекі шегумен байланысты әрекеттерден бас тарту);
- темекі шегуге не түрткі болатынын және онымен қалай күресуге болатынын ойлаңыз;
- Темекі шегуге деген құштарлық пайда болған кезде не істейтіндігіңізді жоспарлаңыз;
- темекі шегуді еске түсіретін барлық заттардан (үйде, жұмыста, көлікте)құтылыңыз;
- киімді жуыңыз, темекінің иісінен арылыңыз;
- алкогольді аз тұтынуға немесе мүлдем бас тартуға тырысыңыз;
- тістеріңізді үнемі жаңа жалбыз пастасымен тазалаңыз;
- өзіңізбен бірге су бөтелкесін алып жүріңіз;
- туыстарыңыздың немесе достарыңыздың көмегіне жүгініңіз;
- темекіні тастағыңыз келетін себептерді жазып алыңыз және оларды көрнекті жерге іліп қойыңыз;
- егер сіз темекі шегетін жерде болсаңыз, өзіңізді қалай ұстау керектігін ойлаңыз (мысалы, кәмпит немесе Сағыз алып жүру);
- темекі шегу туралы ұсыныстан бас тартуды үйреніңіз, өзіңізді темекі шекпейтіндермен байланыстырыңыз;
- темекі шегетін ортадан аулақ болуға тырысыңыз, темекі шекпейтіндермен көбірек уақыт өткізіңіз;
- өзіңіздің эмоционалды күйіңізбен күресуге тырысыңыз;
- темекі шегу туралы ойламауға тырысыңыз, басқа нәрселерге алаңдаңыз.
Егер жоғарыда аталған әдістер қажетті нәтижеге әкелмесе, кеңес алу және диагноз қою үшін дәрігерге бару керек. Дәрігер сіздің тәуелділік деңгейіңізді бағалап сіздің денсаулығыңыз үшін қажет және қауіпсіз тиісті дәрі-дәрмектерді тағайындай алады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Зинешов