Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – ересектердің басты міндеті. Қысқы каникулдың басталуымен балаларға төнетін қауіп арта түседі. Оған ауа райы, балалардың қызығушылығы, бос уақыттың көп болуы және ересектердің қарауынсыз жүруі ықпал етеді. Сондай-ақ балалардың пиротехникалық құралдарды қолдануына жеке тоқталуды жөн көрдік.
Жаңа жыл қарсаңында тұрғындар арасында пиротехникаға деген сұраныс көбейеді. Пиротехника кейде күтпеген жерлерге, мысалы, үйге немесе көлікке түседі. Сондай-ақ одан жиі зақымдар болады.
Жыл сайын жаңа жылдық мерекелер қарсаңында балалар мен ересектер түрлі пиротехникалық бұйымдарды бақылаусыз қолданғандықтан, түрлі зақым алады.
Отшашулардың көп бөлігі шетелден, мысалы, Қытайдан келеді. Олар қауіпсіздік талаптарына сай болмауы мүмкін. Сондықтан пиротехниканы "қолдан" сатып алмаңыз.
Заманауи пиротехникаға балалар мен жасөспірімдер қатты қызығады. Көпшілік бала петардаларды дүкеннен өздігінен сатып алып, оларды бақылаусыз қолданады. Сол үшін ата-ана балаға мұндай құралдарды өздігінен алып, ересектер бақылауынсыз қолдануы қауіпті екенін түсіндіруі керек.
Пиротехниканы қолдану: ересектерге арналған қауіпсіздік ережелері
Петарданы адамдар көп жиналған жерде қолдану – басқаларға деген құрметсіздік. Көптеген адам мерекеге балаларымен бірге келетінін және пиротехниканың жарылуы қандай салдарға әкелетіні білгісіз екенін ұмытпаңыз.
Оқи отырыңыз: Жаңа жылда отшашу атқандарға қанша айыппұл салынады?
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде үш саусағын петарда жұлып түскен оқушының суреті тарап, оған қатысты білім басқармасы жауап берген болатын.