- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Темекі шегуді қойған...
Темекі шегуді қойған адамның ағзасы 1 айда қалай өзгереді?
Темекі шегуден бас тартудың оң әсері соңғы темекі шеккеннен 20 минуттан кейін басталады. Сарапшылар темекіге тәуелділікті тоқтату туралы шешім қабылдағаннан 1 айдан кейін ағзада қандай өзгерістер байқалатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Америкалық қатерлі ісік қоғамына сілтеме жасап.
Соңғы темекіні шеккеннен кейін, 20 минут өткен соң қан айналымы жақсарады, жүрек соғу жиілігі мен қысым төмендейді. 12 сағаттан кейін қандағы көміртегі тотығының мөлшері төмендейді, ал оттегі, керісінше, артады. 1 күннен кейін инфаркт қаупі төмендейді, 2 күннен кейін иіс пен дәм сезімі жақсарады, 2 аптадан кейін қан айналымы мен өкпе қызметі жақсарады.
Соңғы темекі шегуден 1 ай өткен соң елеулі өзгерістерді байқай бастайсыз. Сонымен, жөтел мен ентігу біртіндеп жоғалады, синустар босайды. Өкпедегі кірпікшелер жұмысы қалпына келіп, олар шырышты кетіре бастайды, өкпені тазартады және жұқпалы аурулардың қаупін азайтады.
Ал шылымсыз өткен 1 жылдан соң жүректің ишемиялық ауруы мен инфаркт қаупі 2 есе азаяды, 5 жылдан кейін инфаркт, ауыз қуысы, тамақ және көмей қатерлі ісігі пайда болу ықтималдылығының пайызы төмендейді. 10 жылдан кейін өкпенің қатерлі ісігінің қаупі темекі шегетін адамға қарағанда шамамен 2 есе төмендеп, қуық, өңеш және бүйрек қатерлі ісігінің даму қаупі азаяды. Темекі шегуді қойғанына 15 жыл өткен адамның жүрек ишемиялық ауруына шалдығу қаупі темекі шекпейтін адаммен бірдей деңгейді болады.
Айта кетейік, бұған дейін темекіге тәуелділіктен арылудың қандай жолдары бар екені хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Адам миына қанша ақпарат сыяды?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә