Тележүргізуші Дина Төлепберген ұлын туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дина Төлепберген ұлымен бірге түскен қазіргі және 11 жыл бұрынғы суреттерді жариялады.
"Ана болғаныма 11жыл 🎉
Әлемдегі ең мейірімді, ақылды және ең талантты баланың анасы болу бақытының маған бұйырғанына тағдырыма ризамын...
Бөпемді тура суреттегідей етіп, бұл жолы көтере алмадым 😉 Өсе бер! Өне бер! Өркендей бер, жаным😘
Иә, бүгін Асқаралидің әкесінің, яғни күйеуімнің де туған күні 😍 Қыздар, күйеуіңіздің туған күнінде босану өте жақсы екен... Қандай сый жасаймын деп бас қатырмайсыз", - деп жазды тележүргізуші.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!