Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген "Астарлы ақиқат" бағдарламасының студиясында белгілі әнші Мөлдір Әуелбековамен сөзге келіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналистің әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған видеода әнші Мөлдір Әуелбекова Дина Төлепбергеннің қойған сұрақтарына жауап беруден бас тартқан.
Мөлдір Әуелбекованың ашулануына тележүргізушінің сұрақтар жайлы алдын ала келісіп алмағаны себеп болған.
Айта кетейік, аталған видеоны Дина Төлепберген бағдарламаның анонсы ретінде жариялады. Сондықтан желі қолданушылары журналистің бұл әрекетін алдын ала көрермен тарту үшін жасалған қадам деп бағалап жатыр.
"Интрига үшін жасалған", "Арзан хайп", "Бұл әрекеті дұрыс емес" деп пікір жазып жатыр желі қолданушылары. Ал тележүргізуші бағдарламаның толық нұсқасы жақында жарияланатынын айтты.
Еске салайық, "Астарлы ақиқатты" жүргізуді тоқтатқан Дина Төлепберген жақында қуанышты жаңалығын бөліскен болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!