Павлодар облысында полиция жоғалған 69 жастағы тұрғынды іздеп тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күн сайын Павлодар облысының полиция есептерінде хабар-ошарсыз кеткен адамдардың жағдайлары тіркеледі. Адамның жоғалып кетуі жай статистика емес, бұл отбасы мүшелері мен достарының уайымы.
27 шілдеде 69 жастағы әкесінің үйден кетіп, қайта оралмағаны туралы полицияға арыз түсті. Өздігінен іздеу нәтиже бермей ұлы полициядан көмек сұрады. Жоғалған адамды іздеуге полицияның жеке құрамы тартылды. Байланыстағы адамдар және оның болуы мүмкін жерлер пысықталды. Іздеу үшін еріктілер де тартылды.
– Іздестіру іс-шаралары барысында 20 тамызда жоғалған адамды полицейлер Аққулы ауданының ауылдарының бірінен тапты. Ер адам шөп шабуға кетіп, телефонын сөндіріп қойған екен, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция іздеу бөлімінің бастығы Қуандық Қасымов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз