Телефоннан естілген дабыл жұртты шошытты

Телефоннан естілген дабыл жұртты шошытты
Фото: Коллаж: скриншот,depositphotos.com

Телефоннан естілген дабыл жұртты шошытты. Бұл лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабының мәліметінше, бүгін Терроризмге қарсы орталығының бастамасымен Алматы қаласының аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар жүргізілді.

Оқу-жаттығудың мақсаты - лаңкестік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету үшін құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығу мақсаттары терроризмге осал нысандарда терроризм актілерінің жолын кесу механизмін жетілдіруге бағытталған.

Сонымен қатар оқу-жаттығулар кезеңінде шектеу шаралары қарастырылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты, Алматы қалалық терроризмге қарсы жедел штабы қала тұрғындарын жүргізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына, көлік пен халықтың қозғалысына мүмкін болатын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырады.

"Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Айта кетейік, ҚР-ның "Әкімшілік құқықбұзушылық туралы" Кодексінің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады", - делінген хабарламада. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина