“Телефонмен сөйлесіп жатсыз ба?“ Депутат вице-премьерге ескерту жасады

“Телефонмен сөйлесіп жатсыз ба?“ Депутат вице-премьерге ескерту жасады
Фото: Видео кадры

Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Базарбек вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге ескерту жасады. Бұл жайт жаңа Салық кодексіне енгізілген түзетулерді талқылау барысында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Парламенттің төменгі палатасына бұл заң жобасын Серік Жұманғарин таныстырды. Жарыссөз кезінде кезек депутат Бақытжан Базарбекке де жетті. Осы кезде вице-премьер Серік Жұманғарин телефонмен сөйлескен.

"Серік Мақашұлы, сіз қазір телефонмен сөйлесіп жатсыз ба? Кейін жазбадан көріп алатын шығарсыз..." - деді мәжілісмен вице-премьерге.

Кейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттың өзіне ескерту жасады.

"Сөйлегенде мәдениетті сақтайық, бұл - ресми жиналыс, Парламент қабырғасы. Қарым-қатынас мәдениетін сақтау қажет", - деді Қошанов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget