Астанада телефонға алаңдаған автобус жүргізушісі жол апатына себеп болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Автобус жүргізушісі көлік басқарып, ұялы телефон арқылы сөйлесіп келе жатқан кезде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 57 жастағы әйелді қағып кеткен.
Жәбірленуші алған ауыр жарақаттары салдарынан ауруханада қайтыс болды.
Сотта мемлекеттік айыптаушы айыпталушының кінәсін толық дәлелдеген.
Сот үкімімен оған 2 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!