Бір сенімсіз құпиясөз үшін көптеген проблема туындауы мүмкін. Мысалы, алаяқтар жеке мәліметтеріңіз бен ақшаңызды ұрлап кетуі мүмкін. Сондықтан қарапайым адамның өзі бірнеше секундта бұзып алуы мүмкін кей құпиясөздерден аулақ болу керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Styler-ге сілтеме жасап.
Сарапшылар 2023 жылы деректердің шығып кетуі нәтижесінде жалпыға қолжетімді болған 4,3 терабайт құпиясөздерге анализ жасап, олардың ішіндегі сенімсіздерінің тізімін жасады.
Адамдар құпиясөз ретінде жиі қарапайым сандар үйлесімін қояды, алайда оларды бұзып алу оңай. Оларға мыналар жатады:
Мамандардың айтуынша, "123456" - әлемдегі ең нашар құпиясөз. Зерттеу нәтижесінде, ол ең жиі кездесетін құпиясөз екені анықталған.
Қауіпсіздік ережелері
Құпиясөз 20 символдан аз болмауы керек және ол бас әріптен, кіші әріптен, саннан және арнайы символдардан тұруы керек. Туған күн, есім немесе ортақ сөз секілді табуға оңай сөздерді қолданбаңыз.
Уақыт тауып, жүйелі түрде құпиясөздеріңіздің жағдайын тексеріп тұруыңыз керек. Әлсіз, ескі немесе қайталанатын құпиясөздерді өзгертіңіз.
Бір құпиясөзді бірнеше сайтқа қолданбаған жөн.