Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев жеке нөмірін жариялау қиын емесін алатынын айтты. Алайда ол нөмірін бөліспеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БҚО-ның экс-әкімі Ғали Есқалиев облыс әкімі болған кезінде тұрғындардың түйткіл мәселелерін шешу мақсатында телефон нөмірін бөліскен еді. Рас, кейін ол жеке өтініштің көп болғанын айтты. ъ
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер БҚО-ның қазіргі әкімінен мұндай қадамға дайын ба деп сұрады.
Нариман Төреғалиев бұл қиын емес екенін деп жауап берді. Ол барлығына ашық екенін, тұрғындармен жиі кездесіп тұратынын жеткізді.
"Қайда болмасын, барлық облыс пен елді мекенге өзім барамын. Менің телефон нөмірім ешкімге құпия емес, оның ішінде жұмыс нөмірім де", - деді аймақ басшысы.
Алайда ол бұл туралы тікелей эфирде нөмірін айтқан жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!