Кейбір адамдар теледидар алдында ұйықтап қалады, алайда мұның денсаулыққа төндірер қаупі болуы мүмкін. Бұл туралы сарапшы Ребекка Суэйн айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Теледидар қарап жатқан кезде ұйықтап қалу денсаулыққа зиян. Мұндай әдеттен құтылу керек", - деп түсіндірді Ребекка Суэйн.
Маманның сөзінше, теледидардан түсетін жарық пен шығатын дыбыс тыныш ұйықтауға кедергі келтіріп, миды ынталандырады, ал бұл ауыр аурулардың даму қаупін арттырады.
Либидоның төмендеуі. Ұйқысы қанбайтын адамдарда әдетте тестостерон гормонының деңгейі төмендеп, олар жыныстық құмарлықтың азаюынан зардап шегіп жатады.
Мазасыздық немесе депрессия. Теледидар экранынан түсетін жарық пен дыбыс ұйқы циклін бұзып, депрессия мен мазасыздық деңгейінің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Семіздік. Ұйықтап жатқанда теледидардан түсетін көгілдір жарық пен экран тәбет ашатын гормондардың өндірілуіне әсер етіп, адамда артық салмақ және семіздікпен пайда болуы ықтимал.
Қант диабеті. Жасанды жарық ағзадағы глюкоза деңгейін бұзуы мүмкін, бұл инсулинге төзімділік пен қант диабеті қаупін жоғарылатады. Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, түнде теледидар алдында ұйықтаған адамдардың көпшілігі 2 типті қант диабетімен ауырады.
Жүрек аурулары. Жасанды жарық ұйықтап жатқан адам ағзасының табиғи жұмысы мен глюкозаны басқару қабілетін бұзады, бұл жүрек соғысын жиілетіп, ақыр соңы түрлі жүрек ауруларына шалдығу ықтималдылығын арттыруы мүмкін.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қаңтар айында туған адамдар қандай болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!