- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Телеарналардың бірінде адам...
Телеарналардың бірінде адам еті ашық түрде жарнамаланғаны рас па?
Әлеуметтік желілерде Ұлыбританияның басты телеарналарының бірінде көрсетілген жарнамалық ролик талқыланып жатыр. Бұл - адам етін жеуді насихаттайтын деректі фильмнің аңдатпасы. Кейбір қолданушылар мұны "каннибализмге дайындық" деп санайды. Алайда бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода mockumentary жазуы бірден көзге түседі. Ол екі сөзден құралған mock - пародия, мазақ, және documentary - деректі фильм. Яғни, сөзбе-сөз аударғанда mokumentary "деректі фильмге пародия" деп аударылады. Яғни онда көрсетілген жайттар шын болмауы мүмкін.
Адам етін жеу туралы фильм 2023 жылғы 24 шілдеде эфирге шығып, көп шу шығарды. Алайда оның авторлары көрсетілгеннің бәрі әзіл деп бірден айтты. "Псевдо деректі фильмнің" сценариін комедия жазушысы Мэтт Эдмондс жазған, ал фильмде көрсетілген адам етін шығаратын фабрика жалған. Фильмде донор ретінде көрсетілген адамдар - жалдамалы актерлер.
BBC порталының мәліметінше, фильмде "донорлар" ақша үшін өз етінің бір бөлігін беруге дайын екеніне басты назар аударылған. Осылайша, кинорежиссерлер Ұлыбританиядағы экономикалық жағдайды және бағаның, соның ішінде азық-түлік тауарларының қарқынды қымбаттауын көрсетпек болған.
Қорытындылай келе, ұлыбританиялық телеэфирде адам етін жеудің жарнамасы көрсетілмеген. Бұл фильм - елдегі әлеуметтік және экономикалық мәселелерге назар аудартуға бағытталған сатира.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек