- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тектен-тек олай тиіспейді"....
"Тектен-тек олай тиіспейді". Майра Ілиясова Төреғалиға араша түсті
Алматы облысындағы "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде белгілі әнші Төреғали Төреәлі гид қызметін атқаратын жігітті соққыға жыққан еді. Әншінің өнердегі әріптестері оның бұл ісіне бола сөкпеуді сұрап, қолдап жатыр. Майра Ілиясова да оның тектен-тек мұндай іске бармайтынын жеткізді. Ол бұл туралы "1001 ТҮН" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жақсы көңіл күймен келген едім. Төреғали туралы естіп, жүрегім ауырып қалды. Мен ылғи Төреғалиді жақсы жағынан көремін. Ол - нағыз жұлдыз, талант. Қазақ "тума талант" дейді ғой. Бірақ мұнда бір баяғы батырларымыз сияқты қайсарлық па, намыстанып кететіні бар. Ана баламның сөзіне таңғалып қалдым. Екеуі сөйлескен кезде, бұл бала болмаған. "Сосын келдік" деп айтты. Сол жеріне тергеу жағы назар аударуы керек. Екеуі бір-біріне қарап тұрған кезде бұл бала болмаған. Ол қасында тұрғандай айтып тұр. Ол адам қалай қарады? Мәселе сонда. Қазір жасыратыны жоқ, халықтан кешірім сұрай отырып, әйелтектес ер адамдар көбейіп кетті. Ол сұғынып қарауы мүмкін, ішіп-жеп қарауы мүмкін, ...сынаған көзбен қарауы мүмкін. Тектен-тек Төреғали олай тиіспейді", - деді Майра Ілиясова.
Еске салайық, бұған дейін Мейрамбек Бесбаев Төреғали Төреәліге араша түскені хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова