Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Яндекс Такси" компаниясының баға қою тиімділігіне аудит жүргізді. Аудиттен өту міндеті "Яндекс Таксиге" монополияға қарсы комплаенс аясында жүктелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Агенттік мәліметінше, аудиттің мақсаты "Яндекс" сервисін, соның ішінде такси қызметтерінің бағасына әсер ететін шарттар мен параметрлерді зерделеу болған.
"Жүйенің архитектурасы, баға қалыптастырудың базалық және динамикалық компоненттері зерттелді, сонымен қатар, әуежай аумағы мен қаланың орталығынан алыс аудандардағы ерекшеліктер, операциялық процестер қарастырылды. Аудиттің бастапқы қорытындылары бойынша баға белгілеу жүйесінде бірқатар мәселе анықталды. Кейбір мәселе жойылды, ал қалғандары бойынша "Яндекс" оларды жою жөнінде міндеттемелер қабылдады", - деп жазылған хабарламада.
Агенттіктің хабарламасы негізінде пайдаланушыларға арналған адалдық бағдарламасының ережелері (Яндекс+ бағдарламасы) өзгерген, нәтижесінде "Яндекс" осы бағдарлама бойынша барлық шығынды (клиенттерге ұсынылатын жеңілдіктерді) толық өз мойнына алған.
"Яндекс" қолданыстағы комплаенс жүйесіне мынадай өзгерістер енгізген:
Бұдан бөлек "Яндекс Такси" "эконом" тарифінде сұраныс өте жоғары болған кезде (мысалы ауа райы қолайсыз кезде) сынақ режимінде виртуалды кезек жүйесін енгізеді. Бұл жүйе арқылы пайдаланушы қанша адам такси күтіп тұрғанын көре алады және таңдау жасай алады: кезекке тұру, басқа тарифті таңдау немесе қоғамдық көлікпен жүру.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз