- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Тексеріп көріңіз: отбасыңызда...
Тексеріп көріңіз: отбасыңызда бәрі дұрыс екенін көрсететін белгілер
Психология тұрғысынан отбасында бәрі дұрыс екенін білдіретін белгілердің бірі - ішкі және сыртқы проблеманы сезіп, оны дұрыс жағынан шеше білетін отбасы. Психотерапевт Кейти Джиллис жанұяда бәрі дұрыс екенін білдіретін тағы бірнеше факт туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" сайтына сілтеме жасап.
Біріншісі - эмоционалды және физикалық шекаралардың сақталуы. Отбасының әрбір мүшесі, үлкені де, кішісі де жеке өмір сүруге құқы болады. Сонымен қатар, барлық отбасы мүшесі бұл құқықты құрметтейді. Яғни өзгенің телефонынақтармайды, бөлмеге ескертусіз кірмейді, жасөспірімдердің жеке күнделігін оқымайды. Одан бөлек, отбасында ата-ана баланың эмоционалды тұрғыда дамуына көңіл бөледі. Яғни балаға жанашырлық танытуды, өзін ұстауды және стресске бейім болуды үйретеді.
Екіншіден, отбасының әрбір мүшесі жеке ойы бар тұлға. Бұл адамның жасына, статусына байланысты емес. Тіпті ең кішкентай баланың ойын айту құқығы болады және ересектер оған құлақ асады. Мұндай үрдіс қалыптаспаған жанұяда өскен бала есейген кезде өз ойын қорғай білмейді және қамқорлық таныта алмайтын болады.
Жанұядағы кез келген адамның таңдауы мен қажеттілігі маңызды болуы керек. Отбасындағы адамдар бір-бірінің денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасайды, бірақ жасына сәйкес. Ата-аналар балаларға эмоционалды күтім жасайды, керісінше емес.
Отбасында қателесу - қорқынышты болмауы керек. Балалар қателесуден қорықпауы керек. Олар мектеп екі алып қалса ата-анасы ол үшін ұрыспайтынын түсінуі керек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина