Желіде Жетісу облысы Текелі қаласында болған жантүршігерлік жол апатының кадрлары тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция оқиғаға қатысты түсінік берді.
Ведомствоның хабарлауынша, Nissan Renessa жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Mitsubishi Galant көлігімен соқтығысты.
Соққыдан көлік инерциясы жаяу жүргіншіні қағып кетті, өкінішке қарай, ол сол жерде қаза тапты.
Құқықбұзушының көлігі мамандандырылған автотұраққа жеткізілді.
"Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Құрметті жүргізушілер, рөлге отырмас бұрын жақсылап демалып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ұсынамыз", - деп хабарлады полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз