- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Тек шай беретін...
"Тек шай беретін келін болмай тұр". Қайрат Нұртастың әкесі жақында ажырасқан ұлына ақылын айтты
Нұртас Айдарбеков жақында ажырасып кеткен ұлы Заңғар Нұртасқа үйленуге кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңғар Нұртас бұған дейін ажырасып кеткеніне бірнеше уақыт өткенін мәлімдеген еді. Ал видеода әкесі оған келін керек екенін айтады.
"Бәрі жақсы, тек шай беретін келін болмай тұр. Айта бермегенде не қыламын? Айта бересіз дейді, басқа не айтамын. Басқа проблема жоқ. Келін болса, мына қасықтарға ие болады", - дейді Нұртас Айдарбеков видеода.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары да видеоға түрлі пікір жазған:
Келін әкелсін, той көрейік;
Әке болса сіздей әке болсын.
Ақ көңіл аңқылдаған әкең бар. Қандай қарапайым, барын шынайы айтып отыр. Әкең 100 жасасын!
Заңғар балам отбасыңа сәйкес қыз жолықсын.
Айта кетейік, бұған дейін жұлдызды отбасының кенжесі Заңғар Нұртас әйелімен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова