Қазіргі кезде кәсіпкердің жеке меншігінің, яғни кез келген кафе, мейрамхана алдындағы тұраққа көлікті қою мүмкін емес. Себебі онда "Тек біздің тұтынушыларға" немесе "Бөгде адамдарға қоюға болмайды, айыппұл салынады" деген белгі тұрады. Меншік иесінің бұл ісі заңды ма? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.
Заңгер Мұхамедияр Дүйсенғали мұндай белгі орнатып, көліктерді тұраққа қоюға тыйым салу заңсыз екенін айтып, қандай жаза қарастырылғанын атады.
"Олардың әрекеттері заңсыз. Өйткені ҚР Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы 136-бабына сәйкес "Жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу" бойынша мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ, уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау заңы қарастырылған. Заң бойынша сіз арыз жазып, айыппұл сала аласыз", - дейді заңгер TikTok-парақшасында.
Заңбұзушылық тіркелсе жеке тұлғаларға 75, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 100, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне 150, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 700 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады.
Еске салайық, бұған дейін ұстаздар күніне сыйлық алған мұғалімдерге қандай жаза қолданылатынын жазған едік.
Тағы да оқи отырыңыздар: Көшеде түкіргендерге қандай айыппұл салынады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!